Ақкөл (Атырау облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Ақкөл (бұрынғы аты ст.Ганюшкино) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы кент, теміржол стансасы. Ақкөл ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Ганюшкин ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан, құмдақ топырақты шөл белдемінде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1974 жылы Атырау — Астрахан теміржолын салуға байланысты қаланған.
Инфақұрылымы
Ақкөлде теміржол көлігін жөндеу кәсіпорындары, орта мектеп, аурухана, мәдениет үйі бар. Бұрынғы ұжымшар орнына кооп. шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Ақкөл аудандағы ең ірі темір жол бекеті, сондай-ақ облыстағы маңызды елді мекендердің бірі. Мұнда темір жол көліктерінің шекаралық бақылауы жүргізіледі.