Ақкелін
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Ақкелін<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref> , ханделия (Handelіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Қазақстанның шөлді, таулы аймақтарында, тау беткейлерінде, өзен бойларында өсетін 1 түрі – түкті Ақкелін (H. trіchopella) бар. Биіктігі 30 – 100 см, тамыры жуан. Сабағы көбіне жеке өседі, төм. жағы қалың түкті, жоғары бөлігі тықыр. Жапырақтары ұзынша, үш рет қауырсында тілімденген. Көп гүлді, пішіні түтікше тәрізді, шеті бестісті, сары түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұсақ, қоңыр сары түсті.
Дереккөздер</span>
<references/>