Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (26.7.1950 жылы туған, Арыс қаласы) – эстрада әншісі. ҚР-ның еңбек сіңірген артисті (1994).

Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесінде оқып жүргенде Бүкілодақтық «Алло, мы ищем таланты» телебайқауының лауреаты болды. Ол Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1979 жылы «Досмұқасан» ансамбліне қабылданды. Осы ансамбль құрамында Бүкілодақтық, дүниежүз. және халықар. фестивальдер мен конкурстардың лауреаты атанды. Ол біраз уақыт Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде ән салды. 1994 жылы «Гүлдер» ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі болып істеді. 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды. Ақжол Мейірбеков үш рет Мекке-Мединеге қажылық сапарға барып қайтқан.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references /> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}