Ақжолақ сасыр
Үлгі:Taxobox Ақжолақ сасыр <ref name="source1"> Қазақ Энциклопедиясы</ref> (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда Талас Алатауының батыс бөлігінде (Машаттауда), Қаратаудың оңтүстік-шығысындағы (Үлкенбурыл т.) қиыршықтасты тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 1 м-дей дара, кейде бірнеше сабақты болады. Сабағының жоғарғы жағы (ұшы) сыпыртқы пішіндес жапырақсыз келеді. Ірілі-ұсақты жапырақтары тілімденген. 10 – 12 ұсақ гүлден тұрады. Гүлшоғыры шатыр тәріздес. Тұқымы – дәнек. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Ақжолақ сасырөте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Сілтемелер
<references/>