Ақжар-Москва

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақжар-Москва» - деректі фильмі 1963 жылы түсірілді.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы халық театрының негізі 1957 жылы басталған. 1960 жылы ауданда үлкен мәдениет сарайы бой көтерді, ол аудан орталығы Ақжар кентінің өнерпаз жастарының басын қосып іргелі дүниелер жасауға мол мүмкіндік берді. Сол жылы Республикалық байқауда Ақжар халық театры «Біржан Сара» операсын сахнаға шығарып, бірінші орынға ие болды.

1962 жылы маусымда бұл ұйымға «Ақжар халық театры» деген ресми атақ берілді. Келесі жылы Алматыдан арнайы шақырылған режиссер А. Тоқпанов осы театр өнерпаздарының орындауында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Қарагөз» спектаклін Мәскеудің Кремль сарайында көрсету үшін арнайы дайындады. Сөйтіп, Қазақфильм студиясы халық театрларының арасынан респуликада бірінші болып Мәскеудің Кремлінде өнер көрсеткен осы «Ақжар халық театры» туралы арнайы деректі фильм түсірді.

Онда театр саңлақтары Ж.Мұхамадиев, С.Сәбиев, Б.Рахметов, Қ.Әлпиев, Н.Смағұлова, Р.Түгелбаева, Ә.Қайырбаев, К.Байтоғасовтардың ойыны көрсетіліп, өздері туралы айтылды. Бұл фильм Қазақ мемлекеттік кино-фото және дыбыс жазу мұрағатында сақтаулы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}