Ақбасшөп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Ақбасшөп (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның шөлді аймақтарында кең таралған. Оның Қазақстанда каспий Ақбасшөп (K. caspica) түрі ғана бар. Ол сор, сортаң топырақты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, көшпелі, сусымалы құмды аймақтарда өседі. Биіктігі 1,5 м-дей. Тік, қырлы сабағына бұтақтары кезек орналасады. Жапырағы қалың, жиегі бұдырлы келеді, гүлшоғырына дейін жапырақтанады. Сағақсыз жапырақшалары (ұзындығы 2 – 6 см, ені 0,5 – 2 см) сабақты орай кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына шоғырланады. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамызда жеміс береді. Ақбасшөпті мал сүйсініп жейді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Дереккөздер
<references/>