АҚШ Банкі мұнарасы (Лос Анжелес)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғимарат U.S. Bank Tower — Калифорния штатындағы Лос Анжелестің іскерлік орталығында орналасқан банк.
Сипаттамасы
Биіктігі жағынан АҚШ-та сегізінші, Чикагоның батысынан бастап аймақтағы ең биік ғимарат, сонымен қатар Калифорниядағы ең биік мұнара болып табылады. Ғимарат төбесінде тікұшаққа арналған алаңқай бар. Соның арқасында бұл нысан әлемдегі тікұшаққа арналған алаңқайы бар ең биік ғимарат болып саналады.
Биіктігі — 310 м. Нысан сейсмикалық аймақта орналасқандықтан ғимарат Рихтер шкаласы бойынша 8 баллға дейін төтеп бере алады. 73 қабатта құралған және екі қабатты жерасты автокөлік тұрағы бар. Ғимарат құрылысы 1987 жылы басталып, 1989 жылы қолданысқа берілді. Құрылыс құны $ 350 миллион. Шахардағы ең көп танылатын ғимараттардың бірі.
Галерея
- Libtwr1.jpg
- US Bank Tower-Figueroa.jpg
- Libtwr2.jpg
- Citibank Center, US Bank Tower and The Gas Company Tower.jpg