АҚШ-тың масс-мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АҚШ-тың масс-мәдениеті- ол тек табыс табу мен баюды насихаттайтын мәдениет деп айтуға болады. Ол мәдениет туындыларында рухани құндылықтар, өз еліне деген сүйіспеншілік, өмірге деген көзқарас жоқ не аз. Тек құлқын қамынан аспайтын сана тәрбиелеуші өнімдер. Өкінішке қарай, біздің елдің масс-мәдениетінің көп бөлігін құрап отырған дәл осы АҚШ өнімдері.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Күндіз-түні қай арнаны қоспасаныз, атыс-шабыс, порнографиялық көріністер, жартылай жаланаш әншілер мен бишілер. Одан қалса, қыз-келіншектерге ермек болған түрік, корей, Латын Амерканың тәрбиелік мәні төмен ұзын-сонар телехикаялары.

Телехикая қаһармандарының өмірі мен мәселелеріне терең ой толғап кеткен қыз-келіншектер кей кездері елді былай қойғанда, өз үйінде не болып жатқанын естен шығарып алуда. Жас буын осы сериалдардағы сылқымдар мен экшн қаһармандарына қарап бой түзейді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}