Ағынша бағыттағыш бөгетше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынша бағыттағыш бөгетше (Үлгі:Lang-ru) — арна түзету процесін жүргізуге арналған инженерлік гидротехникалық имарат. Арна түзетуші имараттың негізгі типіне — өзеннің, арнаның ұзына бойындағы ағынша бағыттаушы жер бөгет жатады. Оның беткейлерін төсеме таспен, құрамалы темірбетонды плитамен және т.б. бекітеді. Жоғары бъефтегі богетшенің арынды беткейін бекіту құрылымын жасау кезінде, бөгетше табанындағы арнаның жергілікті шайылуын есепке алу керек. Төменгі бъефтегі бөгетшенің тұрақтылығын анықтау кезінде жалпы және жергілікті шайылу процесі есепке алынады. Су ағыны арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайы бойынша енінен бастап басқа көрсеткіштері, арнаның тұрактылығына сәйкес терендігі және т.б. ағынның барлық динамикалық осімен ағу процесін қамтамасыз етеді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}