Ағынды қалыбы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды қалыбы (Норма стока) - жылдар саны көбейгенімен айтарлықтай өзгеріске ұшырамайтын көпжылдық мерзімдегі ағынды шамасының орташа мәні. Бүл мәнге өзен сулылығы құбылмалылығының толық оралымдары қамтылатын мерзімде жақындайды. Ағынды қалыбы — гидротехникалық имарат, бөген, су жүйелерін жобалау барысында міндетті түрде анықталатын өте маңызды гидрологиялық сипаттама. Көпжылдық жауын-шашын мен буланудың орнықтылығымен айқындалатын ағынды қалыбы тұрақты. Сондықтан да, бірқатар өткен мерзімдегі байқау нәтижесінде анықталған бұл көрсеткіш болашақ мерзімге өзгеріссіз кабылданады. Егер, кейбір себептермен, мыс., антропогендік әрекеттер әсерімен толық бір алқаптың физикалық-географиялық жағдайы айтарлықтай өзгеріске ұшыраса, онда ағынды қалыбына осы өзгерістерді ескеретін түзетулер енгізіледі.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}