Ағынды станциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды станциясы (Стоковая станция) — су теңдестігінің барлық элементтеріне және олардың өзгеруіне себепші факторларға кешенді бақылау жүргізетін арнайы жабдықталған гидрометеорологиялық станция. Ағынды станциясының зерттеу объектілеріне зерттелетін ауданға тон шағын су жиналу алаптары (ауданы бірнеше жүз шаршы километр) және ағынды алаңшалары жатады. Ағынды станциясында еріген қар суы мен жауын суын есепке алуға қоса метеороло- гиялық элементтерді, су бетінен және топырақтан булануды, топырақтың ылғалдылығы мен грунт суларын және т.б. бақылау жүргізіледі. Ағынды өзгермелілігі құрлық суларының режімін анықтайтын жалпы зандылықтарды анықтаумен бірге агротехникалық шаралар мен ормандардың ағындыға әсерін, эрозия процестерін, нөсер тасқындарының, көктемгі су тасудың калыптасу ерекшеліктерін және т.б. зерттейді. Мыс., Кіші Алматы ағынды станциясы.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}