Аға сұлтан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аға cұлтанхандық институтты жойғаннан кейін Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдету мақсатымен құрған әкімшілік-аумақтық округті басқарушының лауазымы.


Алғашында хан-төрелердің тұқымы сайланған. Кейіннен хан тұқымдарының ықпалын әлсірету үшін “Аға сұлтандарды сайлау хақындағы” жаңа ережелер жасалып, айрықша қабілетімен танылған “қараларды” да сайлауға рұқсат берілді. Ресей үкіметінің “Сібір қазақтары туралы жарғысында” (1822) мынадай әкімшілік бөліктер белгіленді. 50-70 үй — бір әкімшілік ауыл, 10-12 ауыл — бір болыс, 15-20 болыс — бір округ. Аға сұлтанды болыс басқарушылары үш жылға сайлады. Алғашқы ашылған (1824) Қарқаралы округінің (бұрынғы Бөкейхан иелігі) аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысұлы, Көкшетау округінің (бұрынғы Уәлихан иелігі) аға сұлтаны Ғұбайдолла (Абайділда) Уәлиханұлы болды. Шыңғыс Уәлиханұлы (Құсмұрын), Тезек төре (Ұлы жүз), Ерден Сандыбаев (Атбасар), Бексұлтан Ағадайұлы (Аягөз), Әділ Бөкейханұлы (Кіші жүз), Шалғынбай Бірәліұлы (Қарқаралы), Мұса Шорманұлы (Баянауыл) т.б. белгілі Аға сұлтандар шықты.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>


Аға сұлтанның басты міндеттері: Ресей билігін жүзеге асыру, алым-салық жинату, сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, “бүлікшілерді” басу т.б. Үш жылдан кейін ақсүйек Аға сұлтанға Ресей армиясының майоры шені және дворяндық атақ берілді. Қарадан шыққандары кіші офицерлік хорунжий шенімен шектелді. (мысалы, Құнанбай Өскенбайұлы). Аға сұлтанның жылдық жалақысы 380 сом мөлшерінде белгіленді. Оларды халық дәстүрімен ақ киізге отырғызып көтерді. Бұл рәсім елдің әдетте арқа басы кеңіген, шаруасы түзелген тамыз айында жүзеге асырылды. Өздеріне қолайлы үміткерді өткізу үшін Аға сұлтан сайлауына орыс әкімшілігі ықпал жасап отырды. Отаршылдық билікті одан әрі күшейту мақсатындағы І Николай патшаның жаңа реформасына (19.5.1854) сай округ тарап, Аға сұлтан лауазымы жойылды. Аға сұлтан дар ұрпақтары 1867 — 68 жылдары реформа бойынша біршама жеңілдіктерге ие болды.<ref> Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}