Ағаш төсек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында "төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек" деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде cәндеп көрпе-төсек те жиналады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағаш төсек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}