Ағартқыш заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағартқыш заттармақта мен маталарды, жібекті, жүнді, теріні, жасанды және синтетикалық талшықтарды, пластикалық заттарды, лактарды, сабынды, балауызды, майларды, азық-түлік заттарын т.б. ағартуға пайдаланылатын әртүрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстар.

Ағартқыш заттар түсті бұйымдардың бояуларын ажарландырып жарқырату үшін, фотографияда, жуғыш заттар өндіруде, қағаз, мата, косметикалық заттар, сондай-ақ тағам өндірісінде кеңінен қолданылады. Ағартқыш заттар қатарына оттектің және галогендердің асқын қосылыстары, бейорганикалық қосылыстар, минералдар, әртүрлі ароматты және гетероциклді заттар кіреді. Ағартқыш заттар бояулармен салыстырғанда аз мөлшерде (0,001 — 0,1%) жұмсалады. Пайдалану мақсатына сәйкес ағартқыш заттар талшықтарға жұққыш, сәулеге, жууға, жоғары температураға, химиялық әсерге шыдамды болуы керек. Өндірісте ағартқыш заттар әртүрлі тауарлық атпен шығарылады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағартқыш заттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}