Ағалап шығу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағалап шығу - ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстарда ойыншының айқын басымдылықпен жеңіске жетуі, қарсыласын жығуы, озық шығуы, жас бәйгеге (жүлдеге) ие болуы.<ref>Жанпейсов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка по материалам произведений М.О. Ауэзова. Алма-Ата: Ғылым, 1989</ref>

Омбының циркінде өнер көрсеткен Қажымұқанның жұлдызды кезеңін «Омбы циркінде ағалап келген алыптың бірі» деп сипаттаған. Шетелдегі қазақтар арасында той, жарыстарда балуан күресі, сайыстарда бас жүлдеге ие болғандар жігіттерді «ағалаған балуан (жігіт)» атап, оған үлкен сый, құрмет көрсетеді.

М.Әуезов «Абай жолы» романында тоғыз құмалақшылардың өзара сайысын сипаттаған тұста үш-төрт ойыншының ағалап шыққанын (озғанын) айтады. Ағалау сөзі туыстық қатынасты білдірмейді. Жақсы киімдерін киіп шықса, бұл кісі көптің алдын ағалайды. Мұнда алға шығу, ерекшелену деген мағынада қолданылып тұр. Ағалау сөзі көбінесе жарыс, сайыста озып шыққандарға көрсететін құрметтің бір түрі ретінде қолданылады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағалап шығу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}