Ағайын болу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағайын болу(Ағайындасу) - туыстасу, жақындасу, бауырласу. Қандық жағынан туыстығы болмаса да, бір-біріне өте жақын адамдардай араласып, туысқан адамдарша «торқалы той мен топырақты өлімде» ауыртпалықты бірге көтерісетін жандар. Әлбетте, дәстүрлі ортада ондай адамдардың өмір сүретін кеңістігі, шаруашылық қарекеті ортақ немесе жақын, селбестік пен жәрдемдесуді талап ететін жүйе болғандықтан бір-біріне «тәуелді» тіршілік еткен. Көбінесе шаруашылыққарекетінде селбесіп, көмектеседі, бір-біріне сеніммен, сыйластықпен қарайласады. Ағайын болудың арнайы қалыптасқан жора-жосыны жоқ. Осыган ұқсас салт тамыр болысу ер адамдар арасында ғана және мекені шалғай жандар арасында болады және бұл қарым-қатынас түрінде ер азаматтар ғана емес әйелдер, бала-шағалары да ағайын тәрізді болып кеткен отбасымен етене жақын араласады, қатынас нормаларын бекем ұстанады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағайын болу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}