Аяқ-Қамыр кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аяқ-Қамыр (Бала-хан, Темір-Құтлұқ) кесенесі X-XIII ғғ.

Орналасқан жері: Ұлытау ауданы, Жезді ауылынан солтүсік бастысқа қарай 9м қашықтықта. Автор, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. Кесенені алғаш рет 1946 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының Орталық Қазақстан археология экспедициясы зерттеді. /Ә.Х.Марғұлан/ 1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы өлшеу мен фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Тікбұрышты құрылыс жоспары үш көлемнен тұрады: ғимараттың текшесі, порталы және күмбезі. Құрылысқа 27х27х6см өлшеміндегі кірпіштер пайдаланылды. Сақталған портал бөлігінің биіктігі - 6,75м. Ішкі периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 5,75х5,75. Сыртқы периметр бойынша жоспардағы өлшемдері: 8,0х10,0. Архитектуралық және конструкциялық шешім, құрылыс жұмыстарының сапасы ескерткішті ортағасырдағы Қазақстан территориясындағы тамаша ғимараттардың қатарына жатқызады.

Библиография

  1. Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сарысу. Вестник АН КазССР, 1947,№7.
  2. Г.Г.Герасимов,Памятник архитектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. Алма-Ата,1957.
  3. М.К.Сембин. МавзолейАяк-Камыр /историческая справка/, 1977. Архив НИПМ.