Аяқтар (биология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аяқтар (membra) - жануарлардың жүруге арналған дене өсінділері. Көп жасушалылардың әртүрлі топтарының аяқтарының жаратылу тегі мен құрылысы әртүрлі. Жануарлар түріне сәйкес аяқтар саны да әртүрлі болады: көпаяқтылардың аяқтары бірнеше ондық жұп болса, жәндіктерге 3 жұп аяқ, тетраподалық кенелерге 2 жұп аяқтар тән. Омыртқалылардың аяқтары эволюциялық даму барысында көптеген өзгерістерден өткен. Құстардың, ұшатын кесірткелердің, жарқанаттардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, суға бейімделген сүтқоректілердің алдыңғы аяқтары ескек аяққа өзгерген.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub