Аяқжақсы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аяқжақсы - тоғыз түрінде берілген сыйдың құрамындағы мәртебесі мен құндылығы тұрғысынан «тоғызыншы» кәделі заттың атауы. Қазақта айыпқа, сыйға, қалыңмалға, бәйгеге, балуан күреске және т.б. берілген сыйдың жанды тоғыз, жансыз тоғыз, түйе бастаған тоғыз, жамбы, бие бастаған тоғыз тәрізді тоғыздың бас жақсысына сәйкес Аяқжақсысы әрқалай болып келеді. Мысалы, тоғыздың басжақсысы күң болса, Аяқжақсысы құлынды бие, ал басжақсысы түйе болса, аяқжақсысы қымбат шапан болады. Демек аяқжақсының таңдалуы басжақсыға байланысты болады. Қазақтың неке салтында күйеу жігіт қалыңдықтың ауылына алғашқы рет келгенде аяқжақсы алып келген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аяқжақсы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}