Аязби Бейсенқұлов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аязби Бейсенқұлов (1. 1.1963. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Акжол ауылы) журналист, ғалым. ҚазМУ-ді бітіріп (1985), Жамбыл облысы, Меркі аудандық газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі — редактордың орынбасары.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
- 1989-93 жылдарда Қордай аудандық газетінде жауапты хатшы, редактор. 1993 жылы "Жас Алаш" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, "Евразия" газетінің редакторы,
- 1998 жылы Қазақ радиосы жедел ақпарат орталығының жетекшісі, ҚазҰУ-де аға оқытушы, доцент.
- 2001 жылы ҚазҰУ-дің теле-радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі.
Филология ғылымдарының кандидаты (2001), (тақырыбы Қазақстандық БАҚ-тың жаңа ақпараттық технология негізінде дамуы). Fылыми мақалалары журналистикадағы жаңа технологиялар, тележурналистиканың теориялық мәселелеріне арналған.
Еңбектері: Әуе толқынында Қазақ радиосы (құрастырушы, 2001); Журналистикадағы жаңа ақпараттық технологиялар, (2003).
Дереккөздер
<references/>