Ащысу (бөген)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Ащысу бөгені Ащысу өзенінің бойындағы бөген. ҚарағандыҚарқаралы автомобиль жолынан 4 км жерде Бұқар жырау аудында. 1984 ж. салынған. Су айдынының ауданы 670 га, толған кездегі көл. 20 млн. м3, ұзындығы 9 км, ені 2 км-ге дейін, ең терең жері 15 м, жағалауының ұзындығы 23 км. Суының минералдығы су тасу аяқталған кезде 300 мг/л-ден күзгі және қысқы төм. деңгей кезінде 1 г/л-ге дейін ауытқып отырады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Ащысу бөгенінде мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, шабақ тіршілік етеді. Ащысу бөгеніның суы Бұқар жырау ауданындағы шаруашылықтардың жерлерін суландыру үшін пайдаланылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}