Ашшур (ассириялық тәңір)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ашшур (Ассур) (аккад тілі 100x20px 100x20px) — соғыс тәңірі, жауынгер-тәңір, ежелгі ассириялықтардың Ұлы Құдайы.

Сурет:Ashur god.jpg
Ашшур құдайының барельефі

Ассирияның астанасымен аттас, бастапқы кезде ассириялықтардың аңшылық тәңірі болып есептелетін. Көбінесе қолында садақ ұстаған аңшының түрінде немесе өгіздердің (ассириялықтардың киелі жануары) арасында жүргені бейнеленетін. Кейінрек, Ашшур Ассирияның астанасы болғаннан кейін, сонымен бірге көптеген соғыстар кезеңінде Ашшур жауынгер-тәңірі болып есептелді. Және оған бүкіл әлемнің жаратушы, құдайлардың атасы мәртебесі қосылды.

Ашшур қаласындағы ғибдатхананың аты Э-харсаг-кур-курра - ассириялық тілінен аударғанда "Әлемнің тауларының үйі" дегенді белгілейді. Ашшурдың жұбайы - Иштар әйел-тәңір. Жоғары абызы - Ассирияның патшасының өзі болған.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • М. Б. Ладыгин, О. М. Ладыгина Краткий мифологический словарь — М.: Издательство НОУ «Полярная звезда», 2003.

Тағы қараңыз