Ашхабадтағы жер сілкінісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:1948 Ashgabat earthquake.png
Ғашықабаттағы зілзала

Ғашықабаттағы зілзала1948 жылдың 6 қазанында Ғашықабатта болған зілзала.

1948 жылдың 6 қазанында түнгі сағат бірден он екі минут өтіп, халықтың бәрі қатты ұйқыда жатқанда Ғашықабатта 9 баллдық зілзала болған. Бар-жоғы 15-20 секундке созылған сол зілзала бір мезгілде 160 мың адамның өмірін қиған. Қала құрылыстарының 98%-ы қатты бүлінген. 200-ден артық өнеркәсіп ошақтары жермен жексен болған. Ұйқыдағы адамдардың бәрін құлаған құрылыстар басып қалған. Зілзаланың күштілігі сондай, көрген адамдардың айтуына қарағанда, рельсте келе жатқан темір жол құрамы тепловозымен бірге қаңбақша ұшқан.

1998 жылы Ғашықабат зілзаласының 50 жылдығы кеңінен аталып өтті. Сол жылы Бабасары Аннамұратов деген мүсінші «Зілзала» атты скульптуралық композиция салады. Онда «көк өгіздің мүйізіндегі» жер шары бейнеленген. Ол жарылып, қара күштер бел алғанда ананың қолындағы алтын бала болашаққа ұшып кеткелі тұрғандай әсер етеді. Сөйтіп, сол бала президенттің алтын мен апталған алып ескерткішіне ұласқан. Композицияның аяқталу сәті қарсы алдында тұрған Түрікменбасының алып мүсінімен аяқталады. Қолдан құйылған «көк өгіздің» биіктігі 15 м болғанда қарсы тұрған президенттің мүсіні одан 5 есе биік.

Түрікменстанда «Қызыл күндердің» ішінде «Қасірет шеккендерді еске алу күні» бар.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер