Ашу сұрау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ашу сұрау - араздасқан адамдарды бітімге шақыру рәсімі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref> Араздасқан адамдар, тіпті, жақын ағайын-туыстар да болуы мүмкін. Осы орайда, ауылдың беделді адамдары «Бір жолғы ашуларыңызды маған беріңіздер!» деп ұрыс-керісті ушықтырмай басып тастайды. Қазақ салтында «ашуыңызды мағап беріңіз» деп бір адам араша сұрағанда, оған дереу көніп, ашуынан қайту - этикалық мәнді принцип. Өйткені, ашу сұрағанда райдан қайтпау өте жағымсыз, жаман қылық саналады. Ашуланған адам қатты қызынып, оғаш қылықтарға барса, араша түседі <ref>Ғабитханүлы Қ. Наным-сенімге байланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер. Филол. ғылым. канд. дисс. авторефаты. Алматы, 1996</ref>.

Дереккөздер

<references/>