Ашамай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ашамай — баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын. Сәнді болу үшін оның беті кестеленіп, шүберекпен астарланады. Ашамайдың тағы бір құрамды бөлігі — қолтырмаш, Ашамайдың алдыңғы, артқы қасына бала қолтығының астынан байлайтын ағаш. Қазақта бала үш жасқа толысымен, атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастайды. Түйеге, жылқыға жүк артуға пайдаланылатын ыңыршақты да кейде “Ашамай” деп атайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Ашамай - нар және қоспақ түйелер ерттелетін ағаштан жасалған ыңыршақ тәрізді әбзел. Түйенің жалғыз өркешіне ауырлық түспес үшін қомының үстіне салады. Оны сом ағаштан жасайды: төрт жақтау дайындап, оны оң, солды етіп басын бір-біріне қашап, екі- екіден айқастырады да, олардың арасына төрт шабақты колденеңінен откізіп қояды. Шабақтары ұзындау, жарты құлаштай, яғни нар түйенің оркешінің ұзындығымен шамалас болады. Нардың арқасына қондырған кезде Ашамайдың алқымы жазьшың екі шабағын қаба отырып, еркештің ұшына тимей, ердің оқпаны тәрізденіп ашық тұрады. Артылған жүктің салмағы ашамайға, оның ауыртпалығы жазының шыбығына, ондағы салмақ жабдықпен калыңдатылған күйде түйенің жонына көлбей түсіп, тегіс бөлініп, арқаға ауыртпалық түсірмейді, жараламайды.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ашамай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}