Ахмет Тиекбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Тиекбайұлы (1895, Қытай, Алтай аймағы, Жеменейауд. — 1953 сонда) — Қытай қазақтары ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы. Руы — Керей. Әкесі ауқатты адам болған. 1940 жылдары Өр Алтай елін (Бурылтоғай ауд.) Гоминдан әкімшілігінің әсіре отаршыл езгісіне қарсы көтеруге белсене қатысты, партизан жасағын жасақтады. 1944 ж. Оспан батыр бастаған Алтай халқының ұлт-азаттық қозғалысы күшейген кезде А.Т-ның жасағы Шэн Шисай әскеріне Манас, Сауан-Қобық арқылы өтетін тас жол бойында үлкен тосқауыл ұйымдастырды. 1945 ж. Жеменей ауданының гоминданшылардан азат ету соғыстарында айрықша ерлік көрсетті. Ол ел азаттығы жолындағы жанкешті күресін 1949 жылға дейін жүргізіп келді. Өмірінің соңғы жылдары аудан әкімшілігінде басшы қызмет атқарды.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}