Ахмет Мұхамметзәріпұлы Оразаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Мұхамметзәріпұлы Оразаев, Құрмаши (1834 жыл, Қорған облысы, Звериноголовское - 1883 жыл, Қызылжар) - татар ақыны.

Шығармашылық өмірі

Медреседе оқып, білім алды. Оқытушы болып жұмыс істеді. Жазушылық жұмыспен ерте айналысты. Шығыс елдерінің, әсіресе түркі халықтарының арасында тараған түрлі нұсқадағы махаббат дастандары үлгісінде, солардың тақырыбы мен идеясын және сюжетін пайдаланып, қиссалар жазды. 1874 жылы «Бозжігіт», 1876 жылы «Таһир және Зуһра» поэмаларын Қазан (қала)да жеке кітап етіп бастырды. Құрмаши бұл поэмаларды қазақ ауыз әдебиеті үлгісінде жазып, таза қазақ тілінің байлығын («Көкте күлген жұлдызым, суда жүзген құндызым», «Қырқылған бас өспек емес, анаңыз сізді екінші рет тумақ емес») мол пайдаланған. Тақырыбының шынайы сұлу махаббатқа арналуы, сюжетінде қайсыбір әлеуметтік сарындардың елес беруі және көркем де әсерлі жазылуы нәтижесінде оның поэмалары бірнеше рет қайта басылып, халық арасына кең тараған. Татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқай кезінде Құрмаши шығармаларын жоғары бағалап, оның қазақ, татар жаңа жазба әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқанын атап көрсетті.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>