Ахмет Иасауи университетінің хабаршысы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ахмет Иасауи университетінің хабаршысы — Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми журналы.
1996 жылдың қараша айынан бастап, екі айда 1 рет Түркістан қаласында шығады. Көлемі — 10 б.т., таралымы — 500 дана, мұқабасы түрлі түсті фотосуреттермен безендіріледі. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары сериялары кезектесіп шығатын бұл басылымда мақалалар төрт тілде — қазақша, түрікше, орысша және ағылшынша жарияланады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Дереккөздер
<references/>