Ахмет Ержанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Ержанов (27 қыркүйек 1922 ж., Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті – 1997 ж., Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1974), профессор (1968).

Қа­зМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда қаласындағы педагогика училищесінде оқып, Жаңақорған ауданындағы мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі (1940–43, 1946–48) болды. Қызыл Армия қатарында (1943–46) қызмет етті. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) ассистент, аға оқытушы, доцент (1954–68), ал 1968 жылдан Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Осуществление ленинской национальной политики КОКП в послевоенный период (на опыте деятельности Компартии Казахстана в 1946–1958 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ержанов 84 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ахмет Ержанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}