Ахмет Елшібеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Елшібеков - 1901 жылы Қарағанды облысындағы Егіндібүлақ ауданында туған. Орыс-қазақ мектебінде екі жыл оқып, хат таниды. Семейдің баспаханасында әріп теруші болады. Губерниялық «Қазақ тілі» газетінде, «Қызыл Қазақстан» журналында, одан соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Пионер» журналында, «Жас қанат», «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде істейді. Орынбор рабфагінде оқиды, Бүкілодақтық журналистика институтын бітіреді. Одан кейінгі жылдары партиялық басылымдарда, майдан газетінде, Марксизмленинизм институтында, Көркем әдебиет баспасында жауапты-басшы қызметтерде болған.

Отызыншы жылдары бірқатар фельетондар, әңгімелері және «Өмір сатысы» очерктер жинағы, 1956 жылы «Қаңбақ шал» ертегісі кітап боп шықты.

Шығармашылығы

Ол А.Барбюстің «Майлы күйе», Н.Гогольдің «Ив. Иванович пен Ив. Никифоровичтің араздасуы жайындағы повесть», М.Залканың «Тегеурінді тез», А.Немцовтың «Жер астындағы көлеңке» туындыларын, А.Чеховтың таңдамалы шығармаларының үш томын (аудармашылар үжымы), М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 2-кітабын (аудармашылар үжымы) қазақ тіліне тәржімалаған.

Жетістіктері

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}