Ауғанстан телевизиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауғанстан телевизиясыАуғанстанда жеке телеарналар, бес коммерциялық телевизия желілі телевизия. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Және олар мемлекеттік арналардан әлдеқайда танымал, олардың аудиториясы әлдеқайда кеңірек. Соның ішінде "Толо ТВ" арнасы австралия-ауғандық "Моби кэпитал партнере" медиа-тобының иелігінде. Телеарналардағы бағдарламалардың үлкен бөлігі музыкалық шоу, Индиядан импортталған телехикаялар және бұрын-соңды эфирде болмаған батыс форматындағы бағдарламалар. Аталған жобалардың аудиториясы 30 жасқа дейінгі жастар. Ауғанстан телеарналары: Ауғанстан ұлттық телевизиясы Ауғанстан мемлекеттік Телерадиокешені. "Толо ТВ" "Лемар ТВ" жеке телекомпания. "Айна ТВ" жеке телекомпания, Ауғанстанның солтүстігінде, Шеберганда хабар таратады.

"Ариана ТВ" Кабулдағы жеке телекомпания, шетаймақтарда ретрансляция жүргізіледі. "Афган ТВ" жеке телекомпания (Кабул). Балх провинциясының телеарнасы - Мазари-Шариф қаласынан жергілікті таратылым, ал Герат провинциясының телеарнасы-Герат қаласынан жергілікті таратылым жасайды.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}