Ауыл (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ауыл»Қостанайда шыққан (1923 ж. 1 қыркүйек) губерниялық газет.

Алғашқы шығарушылары — М. Сералин, Б. Майлин. Газеттің негізгі міндеті ауылды кеңестендіру, шаруаларды өкімет басқару ісіне қатыстыру, жұмысшы-шаруа одағын күшейту, комм. партия саясатын, оның қаулы-қарарларын ауылға жеткізу болды. 1928 — 30 ж. “А.” округтік газет ретінде шықты. Округ ауданға айналған соң, “Колхоз жолында”, 1932 жылдан “Социалды еңбек” болып аталды. Қазақстан ОАК-тінің 1935 ж. 29 шілдедегі қаулысына орай Қостанай облысы құрылғаннан бастап облыстың баспасөз органы ретінде “Сталин жолы” деген атпен шығарылды. 1936 ж. “Большевиктік жол” аталды. Кейін “Коммунизм таңы” деген атпен шығып тұрды. Қазір облысы газет “Қостанай таңы” деп аталады. Алғашқы саны 1923 ж. 1 қыркүйекте жарық көрді. 1931 жылға дейін Қостанай губерниялық, кейінірек округтік партия комитеті мен кеңесінің органы ретінде шықты. Тұңғыш редакторы М. Сералин, жауапты хатшысы Б. Майлин болды. Еңбекшілердің жаңа тұрмыс құру жолындағы күресін, халық мәдениетін көтеру, ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Онда Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасы туралы рецензия (1930, 27 қаңтар) жарияланды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}