Ауыл шаруашылығы малдарының жекелей өсірілуі (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауыл шаруашылығы малдарының жекелей өсірілуі - Алматыдағы Қазақ КСР Ғылым Академиясының баспасынан 1964 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. Жауапты редакторы - Ф.М.Мұхамедғалиев. Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесін еске алуға арналған. Кітапта Қазақстан селекционерлері шығарған қойдың жаңа тұқымдары - қазақтың биязы жүнді қойы, арқар меринос және оңтүстік қазақ мериносының ерекшеліктері, биология зерттеулердің нәтижелері берілген. Еңбекте ауыл шаруашылық малдарының биология қасиеттерін бағалаудың жаңа тәсілдері, малдардың бітімі мен ішкі құрылысының ерекшеліктері, жүн және ет өнімдерін дамыту көрсетілген. 27 автордың 22 мақаласы жарияланып, онда 69 кесте, 99 сурет және 8 үлгі қамтылған. Ауыл шаруашылық мамандарына, ғылым қызметкерлерге, студенттерге арналған. Көлемі 25 баспа табақ. Таралымы 1440 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ауыл шаруашылығы малдарының жекелей өсірілуі (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}