Ауылдық мектептер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауылдық мектептер , көшпелі ауыл мектептері — 1917 жылға дейін көшіп-қонуға лайықталып құрылған бастауыш оқу орындары. Әр мектепте 10 — 15 бала оқиды. Алғаш 1892 жылы 15 тамызда Николаев уездінде (Қостанай облысы), Кеңарал болысының 4-ауданында ашылды. 1892 — 93 оқу жылында 17-ге, 1894 жылы 35-ке жетті. Бұратана халықтардың мектептері туралы 1907 жылғы ережеге сәйкес мұндай мектептерде оқу мерзімі 3 жыл болып белгіленді. Оқу алғашқы екі жылда ана тілінде, үшінші жылы орыс тілінде жүргізілді де, ана тілі жеке пән ретінде өтілетін болды. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында бұл мектептер бірыңғай еңбек мектебі болып қайта құрылды. Кейін жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру талабының жүзеге асырылуына байланысты (1930), төрт жылдық бастауыш мектепке айналды.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ауылдық мектептер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}