Аушадияр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аушадиярауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырларына жақын қазіргі кезде ұмтылған көне үлгісі. Кейбір нұсқалары 20 ғасырдың 80-жылдарынан бастап қана баспа беттерін көре бастады. Ақыл-насихат айту арқылы айтушы өзінің ақындық нанымын да, салт-дәстүрден қапшалықты хабардар екенін де танытады. Сондықтан көлемі айтушының қарым-қабілеті мен көңіл ауанына қарай өзгеріп отырады. Жырда бірден бастап, 25-ке, 50-ге дейін санап отырып, насихат айтылады (100-ге дейін жетуі де мүмкін). “Бақтиярдың қырық бұтағының” бірі — “Ақылды Ақым” қиссасындағы (“Қазақ қисалары”, 1-том, 1985 ж. Пекин) мағлұматқа қарағанда, аушадияр — өте ерте пайда болған жырлар жанры. “Қан болған алты арысты Азат-Бақыт, Талай жыл сонан бері өтті уақыт” деп басталатын дастанда Азат-Бақыттан Бақтияр, одан Алтай, Аушадияр туады. Алтай батыр болып, Алтай тауы соның атында қалған. Аушадияр аса әділ патша болған, халық жиын-тойды, мерекелерді соған арнаған өлеңмен ашуды дәстүрге айналдырған. Алғаш 100 шумақ мадақ айтқан ақын Есенгелді дейді. Тағы бір нұсқа да: <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Аушадияр-хан екен,Халқына сыйлы жан екен Әу, бисмилла, бір десем—Жаратқан жалғыз Хан екен. Қисапсыз тірлік болмаған,Бұл да бір үлкен мән екен. Ғалам саны жалғанда .Он сегіз мыңға дәл екен. Екі десек, мысалға, Егіз туған бала екен. Құдай қосып, отасқан Ерлі-зайып жан екен. Аушадияр түк емес — Жүзге дейін сан екен”... — деген анықтама айтылады. Аушадияр есімі шумақтың алғашқы жолында қайталанып отырады да (Аушадияр — бір болар... Аушадияр— екі дер...) онан әрі ақыл, өсиет, тағылымды сөздер айтылады. Жаратқан Алланың, әділ пашаның әмірін бұзба, ата-ананың үкімін орында дейді, кәсіпті дәріптейді. Қарапайым, тұрмыстық сөздерге құралғандықтан тез жатталады. Шыққан уақыты жағынан қарағанда, Аушадияр термеден ертерек туған деуге болады. Үгітті, үлгілі сөз, насихат толғаудың оңайлау түрі ретінде туып, дами келе, терме жанрының дүниеге келуіне түрткі болуы — зерттей түсуді қажет ететін мәселе.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті