Аутоиммундық аурулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Аутоиммундық аурулар ағзаның өз тканьдеріне қарсы бағытталған және оларды зақымдаушы антиденелердің немесе сенсибилизацияланған лимфоциттердің пайда болуымен сипатталады.


Аутоиммундык аурулардың көпшілігінің пайда болуы иммунологиялың үйлесімділікке (толеранттілікке) байланысты. Организмнің иммундық жүйесі ұрықтың жатырда даму кезінде көптеген ағзалар антигендерімен (аутоантигендермен) кездесіп олармен әсерлесетін тимоциттерді жояды (элиминация- лайды). Бірақ, кейбір ағзалардың антигендері физиологиялық кедергілерге байланысты иммундық жүйеден оқ- шауланып, олар үшін «жат» болып қалады. Міне, осы ағзалардың (кез, қалканша, без, бүйрекүсті бездері, еркек жыныс бездері, ми және нерв ткані) антигендері әр түрлі жағдайларда қанға өткенде иммундық жүйеде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антиген-антидене реакциясы осы сау ағзаларды зақымдап, нағыз аутоиммундық ауруларға шалдықтырады. Нағыз аутоиммундық аурулардың морфологиялық көріністері бір-біріне ұқсас. Олар иммундық жүйе ағзаларының, әсіресе лимфа түйіндерінің, көкбауырдың гиперплазиясымен және осы ағзаларда лимфоретикулярлық, плазмоцит, макрофагтық клеткалардың жиналып қалуымен (плаз- матизация) сипатталады. Белсенді лимфоциттер мен макрофагтар нысана ағзаларға паренхима элементте- ріне өзінің цитотоксиндік әсерін көрсетеді.

Аутоиммундық аурулардың дамуына жарақаттану, вирустық инфекциялар, созылмалы қабыну түрткі болады. Антигендері бір ағзаға тән аурулар физиологиялық окшаулану процесінің бүзылуы нәтижесінде дамиды, антигендері, белгілі бір ағзаға тән емес аутоиммундык ау- рулардың пайда болуы иммундық жүйенің өзіндегі өзгерістеріне байланысты.

Аутоиммундық бұзылыстармен көрінісі

Аутоиммундық бұзылыстармен көрініс беретін аурулар нағыз аутоиммундық аурулар қатарына жатпайды. Өйткені аутоантигендер негізгі ауру дамуының себебі емес салдары есебінде пайда болады.

Аутоиммундық аурулардың пайда болуы жөнінде одан басқа бірнеше болжамдар бар. Клеткалық иммунологияның негізін қалаған Ф. Бернет, аутоиммундық ауруларды иммундық жүйе патологиясы деп қарайды. Оның ойынша аутоиммундық аурулардың дамуы организмде тектік қасиеттері өзгерген лимфоциттер тобынық («тыйым салынған» клондар) пайда болуымен байла- нысты. Бұл лимфоциттер кейбір сау ағзаларға қарсы антиденелер түзіп, оларды зақымдайды.

Ғалымдар болжауы

Кейбір ғалымдар аутоиммундық ауруларды иммундық жүйенің ңызметінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Мысалы, Т-лимфоциттерінің супрессорлық қасиеті әлсірегенде не оларға қарсы клеткалар (контрасупрессорлар) белсенділігі артқанда В-лимфоциттер сау тканьдердін антигендерімен әсерлесе бастайды да оларға қарсы антиденелер түзеді.

Аутоиммундық аурулардың тағы бір себебі, табиғаттағы екі жақты әсерлесетін антигендердің барлығы. Мысалы, жүрек дәнекер тканінің және — гемолиздеуші стрептококтардың 5-типінін антигендері бір-біріне ұксас болғандықтан, организмнің стрептококтарға қарсы бағыталған антиденелері ауру адамның жүрек тканін де закымдайды.

Ал әр түрлі физикалык, химиялық т. б. әсерлер нәти- жесінде кейбір ағзалардың антигендік құрамының езгеруі және оларға қарсы антиденелердің түзілуі екіншілік аутоиммундық бұзылыстармен көрініс беретін аурулардын дамуына соқтырады.<ref> А 94 Патологиялық анатомия - Алматы,"Білім",1995-242 бет ISBN 5-7404-0164-X</ref>

Дереккөздер

<references/>