Аусыл (ящур) вирусы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вирус қызбалық жағдаймен ауыздың шырышты қабығы мен терінің ойық жараларымен (авталар) сипатталатын ауруды тудырады. Аусылдың вирустық табиғатын 1898 ж. Ф. Леффлер мен П. Фрош анықтаған.

Таксономиясы, морфологиясы, антигендік құрылымы.

Аусыл қоздарғаша РНҚ құрамды вирус, Picornaviridae тұқымдасына,Aphthovirus туысына жатады. Морфологиясы мен химиялық құрамы бойынаша басқа пикорновирустарға ұқсайды. Вирустың 7 серологиялық типтері белгілі.

Дақылды өсіру

Вирусты цитопатиялық әсер тудыратын жасуша дақылында зертханалық жануарларда өсіреді.

Эпидемиологиясы

Аусыл- ауыр эпидемиялық зоонозда инфекция. Аусыл вирустың табиғаттағы табиғи резервуары және адам үшін инфекция көзі ауру малдар, оның ішінде негізінен ірі қара мал болып табылады. Вирус ауру малдың сүті, сілекей, зәр арқылы бөлінеді. Негізгі таралу көзі-қатынасты-тұрмыстық, фекалды- оральды берілу жолы да мүмкін. Адам ауру күткен кезде және піспеген сүт пен сүт өнімдері арқылы жұғады. Адамның аусылға сезімталдығы жоғары емес. Аусылмен ауырған адам тек жануарларға қауіпті.

Патогенезі және клиникалық белгілері.

Вирус адам ағзасына шырышты қабық және зақымдалған тері арқылы енеді. Енге қақпа орнында 2-5 күннен кейін алғашқы белгі - мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер пайда болады, кейін олар бұлыңғыр - сары түске айналады. Содан кейін вирустар қанға түсіп, қайтадан теріге немесе шырышты қабыққа енеді де екіншілік көптеген афт дамуын туғызады, ол кейінірек тіленеді. Ауру қызудың көтерілуімен ілесе жүреді, бірақ болжамы жағымды.

Иммунитеті.

Ұзақ емес, типті спецификалық иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагностикасы.

Зерттелетін материал- жараның құрамы, қан,зәр. Вирусты теңіз шошқаларында (аяқ табандарына енгізу), жаңа туған тышқандарда, жасуша дақылында бөлінеді; КБР, ИФР көмегімен идентификациялайды. Аурудың серологилық диагностикасы үшін КБР, БР, ИФТ көмегімен антиденелерді анықтайды.

Арнайы сақтандыру және емдеу.

Адамдарда арнайы сақтандыру өңделмеген. Ауылшаруашылық малдарына инактивацияланған дақылдық вакцина егеді. Емдеу белгілерін байланысты.

Дереккөздер

Ү.Т Арықпаева , А.Н. Саржанова , Э.Х Нуриев Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша білім алатын студенттерге және орта арнаулы оқу орындарының білім алушларына арналған оқу құралы 2-том.