Аудару

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аудару (Трансляция; tranlation) — 1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару; 2) программалау тілдерінің бірінде берілген программаны оған эквивалент басқа тілдегі программаға түрлендіру.

Түрлері

  • Бөлшектеп аудару (Раздельная трансляция; separate compilation) — программа 1 бөліктерін жеке-жеке аударып, соңында біртұтас модульге біріктіру.
  • Динамикалық аудару (Динамическая трансляция; dynamic translation) — виртуаль адресті жадқа қатынас құру процесінде нақты адреске айналдыру.
  • Келісімді аудару (Согласованная трансляция; consistent compilation) — бір жалпы сипаттамалы бірнеше программалық модульдерді аудару. Мұнда барлық жеке аудару сипаттамалары бірдей болады.

Мәліметтерді аудару

Мәліметтерді аудару (Трансляция данных; data tranlation) — бір мәліметтер базасын басқару жүйелері арқылы үйымдастырылған алғашқы мәліметтер базасын басқа жүйенің объектілік құрылымына (мүмкін, басқа компьютерге) айналдыру.

Түрлері

  • Адресті аудару (Трансляция адреса; address translation) - виртуаль жадты жүйелерде — логикалық (математикалық, виртуалъдық) адрестерді негізгі жадтың нақтылы адрестеріне айналдыратын процедура.
  • Арна программаларын аудару (Трансляция программы канала; channel program) - виртуаль жадты жүйелерде - виртуаль адрестерді негізгі жадтың нақты адрестер арнасы программасына орналастыру процедурасы.

Әдісі

Аудару әдісі (Метод трансляции; translation method) — алғашқы программаны объектілік модульге түрлендіру ережелері мен тәсілдерінің аударғышта пайдаланылатын жүйесі. Аударудың тура және синтаксистік әдістері бар.

Түрлері

  • Аударудың синтаксистік әдісі (Синтаксический метод трансляций; syntactic translation method) — нақты кірістік тілге икемделген, синтаксистік және семантикалық талдау кезеңдерінің бөлінуі айқын көрсетілген аудару әдісі.
  • Аударудың тіке әдісі (Прямой метод трансляции; direct translation method) — нақты кірістік тіл мен жеке алгоритмге бейімделген, синтаксистік және семантикалық талдау кезеңдеріне айқын бөлінбейтін аудару әдісі.

Реті

Аудару реті (Порядок трансляции; compilation order) — программа модулінің аударылуы тиіс реті.

Уақыты

Аудару уақыты (Время трансляции; translating time) — транслятор жұмысына жұмсалған уақыт; транслятордың бастапқы бағдарламаны объектілік модульге түрлендіруге жұмсаған уақыты.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аудару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}