Аударманың қажетіне қарай бөлінуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аударманың қажетіне қарай бөлінуі. Аударылатын материалдың қажеттілігіне байланысты аударма жұмысы толық аудару, бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару деп 4 түрге бөлінеді. <ref>Ә.Тарақовтың «Ауызша аударма» оқу құралы. ISBN 9965-30-933-7</ref>

Бастан-аяқ түгел аударуды толық аудару дейміз. Түпнұсқаның ішінара қажетті жерін ғана аудару бөліп аудару деп аталады. Түпнұсқаның негізгі мазмұндарын шолып аудару мазмұндап аудару деп аталады. Түпнұсқаның кейбір жерлерін аударып, пайдаланып, кейбір жерлерін өзі құрастырып жазу құрастырып аудару делінеді. Бөліп аудару, мазмұндап аудару, құрастырып аудару дегендер әдетте ерекше бір қажетіне қарай қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}