Аудандық газеттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аудандық газеттер — аудан аумағында таратылатын қоғамдық-саяси басылымдар. Қазақстанда ең көп таралған газет түрі болып саналады. Олар аудандардың саяси-шаруашылық және мәдени өміріндегі уақиғаларды, әлеум.-экон. реформалардың барысын, кейбір көкейтесті проблемаларды нақты деректермен жазады. А. г. жүйесі Қазақстанда кеңес өкіметінің кезінде, 1930 ж. 11 тамыздағы БК(б)П ОК-нің “Округтардың таратылуына байланысты газеттер жүйесін қайта құру туралы” қаулысына орай пайда болған. Сол кезде жарық көрген “Достық” (Зайсан ауданы), “Ойыл” (Ойыл ауданы), “Толқын” (Арал ауданы), “Авангард” (Жетіқара ауданы), т.б. газеттер респ-дағы А. г-тердің ізашарлары. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}