Ауа райымен емдеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауа райымен емдеу - жергілікті ауа райының қасиетін емге қолдану.

Табиғатта әр аймақта ауа райы әр түрлі болады, адам ағзасына түрліше әсер етеді. Ауа райына, әсіресе күн сәулесінің әсеріне байланысты адам ағзасында әр түрлі физиологиялық өзгерістер туып, тканьдерде, қанда биохимикалық процесстер болып отырады. Тау мен теңіз жағалауы және орман ауасы адамға өте пайдалы. Теңіз жағасындағы ауада йод, бром т.б. ағзаға қажетті химикалық заттар болады. Кең даланың таза ауасымен және қымызбен өкпе ауруларын емдейді. Құмды ыстық жердің ауа райы буын және бүйрек ауруларын емдеуге жақсы (Мойылды, Жаңақорған курорттары). Теңіз жағалауының ауасы жүйке жүйесі мен жүрек ауруларына шипалы<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том</ref>.

Дереккөздер

<references/>