Ат ойнату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат ойнату - дәстүрлі ортада ауылға, біреудің иелігіне атпен шауып келіп, айғай-шу, дау-жанжал шығарып, сес көрсетуді білдіреді. Ат ойнату әдеттік құқық бойынша ауыр қылмыс болып есептелген. Өйткені, мұндай қылық көшпелі ортада атпен жүрудің қалыптасқан этикалық нормалары мен қағидаларын өрескел бұзу болып табылады. Яғни ауылға төтенше атпен шауып кіру, жөнсіз атойлау ауылдың тыныштығын бұзу ретінде бағаланды.

Іс насырға шапқанда ауылдың, тіпті, рудың ақсақалдарының ұйғарымымен айыпкер қатаң жазаланған. Яғни айыпкер ат-шапан немесе бір тоғыз деп аталатын айыпқа, тіпті, одан да көп мөлшердегі айыпқа кесілген. Ат ойнатудың ең ауыр қылмыстардың бірі деп есептелетін көшке тию деп аталатын тағы бір түрі бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат ойнату|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}