Ат кекілін кесу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат кекілін кесу - қазақы ортадағы әдеттік құқықтық қатынасты реттейтін ғұрыптық мәні бар үрдістің атауы. Адамаралық, тіпті, руаралық қатынастар мүлдем үзілді дегенді білдіретін ғұрыптық шара. Бұндай құбылысқа бірден бір себепкер адам өлімі болды. Құныкер (кісі өлтіруші) жақ пен құн талап етуші (кісісі өлген) жақтың ешбір бітімге, тоқтамға келе алмаса, тараптар екі араларына ұзып ала арқан тастап, бір шетке өлген жігіттің мінген атын әлеміштеп, тұлдап әкеліп байлайды. Егер құн талап етуші жақ құныкердің төлеген құнына келісе алмаса, ат кекілін кесу арқылы «жалға- жан, қанға-қан» деген кек алуға көшкендігі туралы белгі береді. Ол үшін кекілі кесілген аттың шолақ кекілін шоқтап, түбінен буып тастайды. Ат кекілін кесудің тағы бір түрі - ағайын-туыс, құда-жегжат, дос-жаран арасында «бетке салық, сүйекке таңба» түссе немесе бір біріне «кешпес жамандық» жасаса, кінәлаушы - уәжі орынды жақ қарсы жақтың ішіндегі айыпкердің мініп жүрген атының кекілін кесіп әкетеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат кекілін кесу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}