Ат байлар (рәсім)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат байлар - қазақтың неке және отбасылық ғұрпында орындалатын рәсім, жаңадан көтерілген жас отауға ағайын-туыстары тарапынан малдай берілетін сый атауы, әлеуметтік қолдау көрсету институтының бір түрі. Жас отауға шашу шашып, «керегесі кең болсын, босағасы берік болсын!» деген тілек айтып келген ет жақын туыстары отаудың белдеуіне жылқы байлайды. Жақын туысқандары шан қатықтық сүт болсын деп сауын сиырын береді, көші-қонына көлік болсын дәулетті аталары түйе сыйлайды. Ғұрыптың атауы ертедегі дәстүрлі ортада ұғымның жұрнағы ретінде үйленген кезде жастарға айтылатын тілектегі «шаңырағы берік болсын, ауылдың, ағайынның атбайлары болсын» деп келетін бата тілекте сақталған. Оның мәні іргелі үй, ас-дастарқаны мол, ырыс-несібесі үйге жолы үлкен қонақтар түсетін түсел (қонақ) түсетін үй, атбайлары мол отау деген сөз орамдарында сақталған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат байлар (рәсім)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}