Ат арқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат арқан - ат арқандауға арналып, арнайы есілген арқанның ұзын түрі. Ат арқан берік болуы үшін қойдың жүніне жылқының қылы (құйрық, жалы) және сиырдың кұйрық, бауыр жүні, ешкі қылшығын қосып еседі. Бунақсыз, яғни сапалы есу үшін арқанға қосылатын қыл, жүн және қылшықтың мөлшеріне айырықша көңіл бөлінеді. Әдетте жылқы қылының мөлшері басым болып келеді - шамамен арқанды құрайтын материалдың үштен екі бөлігін алады. Әдетте арқанның осы түрі қарала түсті етіп жасалынады. Бұл - арқанның ала түсі ұры-қарыдан және ит-құстан сақтайды деп ырымдағаны. Қыл арқандар жаңбыр тиген сайын ширығып қатая түседі. Яғни мықтылығы артады. Ат арқанды алыс сапарға шыққанда өзімен бірге алып жүреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат арқан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}