Атыс түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атыс түрлері — қару түріне, оқтың бағытына, тактикалық мақсатқа, т.б. жағдайларға байланысты атыс жүргізу әдістері. Қару түріне қарай ату қаруы (тапанша, автомат, пулемет, танк) миномет, артилл. атысы; мақсатына байланысты: ұрыстық, сынақтық, тәжірибелік және шұғыл атыс; оқтың бағытына қарай: қарсы алдынан, қапталдан және айқастыра ату; тактик. мақсатқа қарай: тік ату, тоғыстыра ату; оқтың жиілігіне қарай: біртіндеп ату, үздіксіз ату, себелеп ату, бастырмалата ату; жүргізу тәсілі мен әдістеріне қарай ашық және жабық позициялардан жеке нысананы ату, шоғырландыра ату, жатып ату, тізерлеп, отырып, тұрып, жүріп келе жатып ату, ұрыс машиналары оқтығы арқылы, автомобиль үстінен ату, т.б. түрлерге бөлінеді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Атыс түрлері (Виды огня) ататын қару түріне қарай миномет, артиллерия, зенит құралдарының, кеме артиллериясының, т.б. атысы; атыс бағытына қарай — қарсы алдынан ату, екі қапталдан ату, қиғаш нысанаға алып ату, тұс-тұстан ату; қарсыласты шығынға ұшырату әзгешеліктеріне қарай — атысты басу; жою түріне қарай — бекіністерін талқандау, атысқа жол бермеу, атысты жүргізу (артиллерияда); одістеріне қарай — ашық және жабық атыс позицияларынан жеке нысаналарды ату, шоғырланған, бастырмалатқан атыс, атыс толқыны, жүйелі шоғырландырыпған атыс, бір орыннан қозғалмай қарсыластың жолып бәгейтін атыс, жау жолын бөгейтін жылжымалы атыс т.б. Атыс түрлері болып сараланады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атыс түрлері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}