Атырау (ойпат)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атырау(ойпат) — ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр жерінде өзен шөгінділерінен пайда болатын, тарамдар мен тармақтарға тілімденген ойпат. Ол өзен ағыны, теңіз толқуы, желқума-желбөгет ағысы, судың толығуы мен қайтуы, т.б. құбылыстардың өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. Атыраудың беті негізінен тегіс, ортасы дөңестеу болып келеді. Оның өсу жылдамдығы әр өзенде әр түрлі болады және жылына бірнеше метрден жүздеген метрге жетеді. Атырау пішіні үш бұрышты (Ніл, Іле өзендері), қалақ (Миссисипи өзені), доға (Лена өзені), құстұмсық (Тибра өзені) болады, кейде бөлініп (Камчатка өзені) не ілгері (Еділ, Жайық өзендері) шығып тұрады. Амазона, Ганга өзендерінің атырауы 100000 км2, Еділ өзенінде13000 км2, Іленің Атырауы 5,0 мың км2-ге жетеді.<ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атырау (ойпат)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}