Атырау облыстық филармониясы
Атырау облыстық филармониясы - мәдени-концерттік мекеме. 1966 ж. шілдеде ұйымдастырылған. Алғашқы директоры Ғ.Үмбетов. Кезінде филармония жанынан құрылған "Атырау - Жайық" фольклорлық ансамблі бүкіл республикамызға, шет елдерге де танымал болды. Сондай-ақ, оның құрамында "Нарын" фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар (1998). Филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері - Ұ.Қарақұлова, М.Төрешев, халықаралық байқаудың лауреаты С.Жұмағалиев, Республикалық байқаудың лауреаты Ш.Жаменовалар қызмет істейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Филармонияға 1991 ж. Н.Жантөриннің есімі берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify