Атырау ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атырау ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтыБатыс Қазақстан аймағында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы. Атырау қаласында орналасқан. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы қаулысына сәйкес Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының батыс бөлімшесі, “Жемшөп және жайылым” ғылыми өндірістік бірлестігінің аймақтық бөлімшесі және Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының Атырау ғылыми-зерттеу станциясы негізінде ұйымдастырылды. Институттың негізгі міндеттері — қойдың, жылқы мен түйенің жергілікті тұқымдарын жетілдіру және жаңа тұқымдарын өсіру, мал тұқымын асылдандыру, жемшөп өндірудің прогресті технологиясын әзірлеу, мал ауруларының алдын алу, емдеу әдістерін жетілдіру. Институт сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жергілікті жердің табиғи экономика жағдайына сай келетін агротехника және зоотехника тәсілдерді анықтайды, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге ғылыми тұрғыдан басшылық жасайды, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін насихаттайды, ғылыми әдістеме, оқулықтар шығарады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атырау ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}