Аттиланың Галлияға жасаған бірінші жорығы (поэма)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

аттиланың галлияға жасаған бірінші жорығы — 6 ғ-да латын тілінде жазылған белгісіз автордың көлемді поэмасы. 13 ғ-да көшіріліп жазылған поэманың қолжазбасын 1777 ж. Бавиера архивінен (Италия) неміс тарихшылары тапқан. Автор 5 ғ-дағы Еуропа құрлығындағы жағдайды, Еділ патша қолының Батысқа жорығына қатысты тарихи оқиғаларды дәл жеткізуге тырысқан. Қолжазба кітапта Аттила мен Ғұн империясына байланысты Еуропадағы ескерткіштер аталады, ғұн тіліндегі деректер, Аттиланың ұлағатты сөздері келтіріледі. 1780 ж. М.Фишер бұл поэманы Мюнхен қ-нда көп таралыммен баспадан шығарған. Поэмадағы аса құнды мәліметтер Батыс Еуропаның көптеген тарихшыларының ғыл. еңбектеріне негіз болды. Әдеб.: La Rousse (XІX s.) vol. 2, 896 s. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аттиланың Галлияға жасаған бірінші жорығы (поэма)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}